«Қарапайым халық неге баспанасыз жүр?»

136

Азаматтардың әл-ауқатын жақсарту-мемлекеттік саясаттың ең маңызды міндеті. Ал бұл міндетті орындау үшін ең алдымен тұрғын үй қолжетімді болуы керек. Бұл туралы үкімет отырысында ҚР Премьер министрі мәлімдеді. Әлихан Смайыловтың сөзінше, енді қарапайым халық үшін жаңа механизм әзірленеді. Мұның тиіміділігі қандай? Расында, баспанаға қол жеткізу жеңілдей ме? 

Үкімет отырысында арендалық төлемнің бір бөлігін субсидиялау туралы шешім қабылданды. Енді елдегі баспанаға мұқтаж 70 мыңға жуық отбасы осы механизм аясында баспанамен қамтылады. Бұл азаматтардың пәтерқасының 50 пайызын мемлекет төйлейді. Яғни, олар енді жалдау ақысын үнемдеп, қаражатты үй сатып алуға жинай алады.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер министрі: «Жалпы, жаңа тәсілдер мен механизмдер 10 жыл ішінде тұрғын үй кезегінде тұрған жарты миллионнан астам адамның баспана мәселесін шешуге және мемлекеттік қолдаудың әділетті, ашық әрі қолжетімді жүйесін жасауға мүмкіндік береді».

«Қарапайым халық әлі күнге дейін баспанаға қол жеткізе алмай жүр». Осылай деген Премьер – министр бүгінде үй кезегінде тұрған азаматтардың саны күн санап артып жатқанын мәлімдеді. Үкімет басшысының сөзіне қарағанда, 2021 жылы 17,1 млн шаршы метр үй салынып, жоспар орындалған. Дегенмен бұл да, нағыз мұқтаж жандардың баспана мәселесін шеше алмаған. Әлихан Смайылов алдағы уақытта бұл олқылықтың орнын толтыру керектігін айтты.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер – министрі: «Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдері әзірленді. Мұнда «Отбасы банкіне» ерекше орын беріледі, ол баспанаға мұқтаж адамдардың кезегін қалыптастыру және оларға жеңілдікті тұрғын үйлерді сату бойынша бірыңғай оператор қызметін атқарады. Қазіргі таңда азаматтарға үй сатып алу мақсатында өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» депозиттерге салу мүмкіндігі берілді».

Қарапайым халыққа расында баспана алу қиын ба? Шымкент тұрғындарының бұл бастамаға көзқарасы қалай?

«Иә, өте дұрыс. Қарапайым халықты ойлау керек. Қаншама нағыз мұқтаж, бірақ баспанасыз жүрген азаматтар бар. Айлығы шайлығына жетпей күн көріп жатқандар қаншама. Көмектессін соларға»,- дейді Айжан.

«Шынымен, халық үшін баспана алу үлкен арман. Енді бұл жеңілдіктер де керек адамдарға берілсе екен деймін»-дейді Шымкент тұрғыны.

Сондай-ақ Премьер-Министр Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне құрылыс саласын реттеу үшін цифрлық технологияларды енгізу заң жобасын 1 сәуірге дейін дайындауды тапсырды.

                                                                                        Мөлдір Ибадуллаева