Қазақстанның ішкі нарығында қаңтар айының қорытындысы бойынша бір тонна көмір 14,8 мың теңгеге дейін қымтаттады. Өсім бр жылда — 9,8%, деп хабарлады EnergyProm Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Бағаның ең жоғары жылдық өсімі Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Ақмола облыстарында. Баға ең аз өскен өңір — Солтүстік Қазақстан облысы (3,2%).
Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында баға өзгерген жоқ. Көмірдің тоннасы Таразда 20,1 мың теңгеге сатылуда, Семейде 11,4 мың теңге. Бұл ең арзан саналады.
Былтыр көмір бағасы 5,2%-ке, ал 2020 жылы — 3,3%-ке өскен болатын.
Қазақстан көмірге деген ішкі сұранысты толықтай қамтамасыз етіп отыр. Экспортқа да айтарлықтай көлем кетеді. Былтыр Қазақстаннан экспортқа 500,1 миллион доллар сомасына 29,2 миллион тонна көмір жөнелтілген.
Қазақстандық көмір ТМД елдерінде үлкен сұранысқа ие. Мәселен, өткен жылы 392,6 миллион долларға 23,2 милион тонна көмір жөнелтілді. Экспорттың жалпы көлемінің 65,1%-і Ресейге жіберілді. Одан кейін тізімде Беларусь және Қырғызстан.
ТМД-ға кірмейтін елдерге Қазақстан 107,5 миллион АҚШ долларына алты миллион тонна көмір экспорттады. Бұл тізімде Швейцария көш бастап тұр.