Шымкентте қарулы күдіктілер ұсталды

217

Шымкентте полицейлер қарулы бір топ адамды ұстады, деп хабарлайды «Жедел шақырылым» бағдарламасының тілшісі деп хабарлайды ОТЫРАР.

10 ақпан күні түнгі сағат 2:00 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері К. Исмаилов көшесінің бойында 24 жастағы жүргізуші мен екі жолаушы болған «ВАЗ 2114» көлігін тоқтатты.

Көліктің салонын тексеру кезінде тапанша мен пышақ, жүк салғышынан мылтық табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

Ұсталғандар Шымкент қаласының Абай аудандық ішкі істер бөліміне жеткізілді.

Ер адамдар қаруды қандай мақсатта сақтағанын және қайда тасымалдағанын полиция анықтау үстінде.