Шымкентте жол-көлік оқиғасы: «Тойота» жүргізушісі жолақты шатастырып алды

116

Шымкентте жол-көлік оқиғасы: «Тойота» жүргізушісі жолақты шатастырып алды. Жол апаты 20 ақпан күні сағат 23:00 шамасында Д. Қонаев даңғылының бойындағы жол айрығында болды.

Ұ.Арғынбеков көшесінен Mega Planet бағытына қарай жолдан шығып келе жатқан Toyota Kia Stonic көлігімен соқтығысқан. Киа көлігінің жолаушысы зардап шекті.

Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем жәбірленушіні ауруханаға жеткізді. Соқтығыс салдарынан екі жүргізуші де жарақат алған, бірақ олар ауруханаға жатудан бас тартты. Toyota жүргізушісі кінәсін толық мойындады.