Úı ANONS 14 жастағы бала жол-көлік оқиғасына түсті

14 жастағы бала жол-көлік оқиғасына түсті

Сот анасының көлігін рұқсатсыз айдап кетіп, жол-көлік оқиғасына түскен 14 жастағы баланың ісін қарады. Әкімшілік іс Шымкент қалалық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған. Жауапқа баланың ата-анасы тартылған.

Олар Әкімшілік кодекстің «Ата-аналардың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру, олардың құқықтарын және мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамауы» бабымен жауап берген.

 

«2025 жылы қараша айында 2011 жылы туған ұлы анасына тиесілі Hyundai KONA автокөлігін рұқсатсыз айдап кеткен. Шымкент қаласы Сауле мөлтек ауданындағы Наурызым көшесі мен Ақжарма көшесінің қиылысында жазатайым бөтен автокөлікпен байқаусызда соқтығысып, жол-көлік оқиғасын жасаған»

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫ

Сотта анасы кінәсін мойындаған. Судья оған жаза тағайындайтын уақытта мұны ескерген. Сонымен бірге кәмелет жасқа толмаған 4 баласы бар екенін есептеген. Сөйтіп оған 26 мың теңге шамасында айыппұл салған. Сот қаулысы заңды күшіне енген.

Дилара Иса