Úı ANONS Украинадағы қазақстандықтар елге оралады

Украинадағы қазақстандықтар елге оралады

Air Astana Украинадағы қазақстандықтарды елге қайтарады. Ол үшін Польшадағы Катовице қаласынан Атырауға арнайы рейс жоспарланған. Ұшақ 26 ақпан күні жергілікті уақыт бойынша 02:00-де ұшады, деп хабарлайды  әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Жолаушылар тізімін ҚР-ның Украинадағы елшілігі ұсынған. Қазақстандықтар 25 ақпан күні Замкнен көшесі 3/1 мекенжайы бойынша Львовтағы Қазақстанның Құрметті консулдығына әрі қарай рейске трансфер жасау үшін жиналуы керек.

Тел.:. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19.

Қосымша ақпарат үшін Air Astana өкілдеріне келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.