Жүргізуші куәлігін әперемін деп, тұрғынды алдап соққан азамат құрықталды

146

Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Арызданушының айтуынша, танысы ХҚКО-нан жүргізуші куәлігін аз мерзімде әперемін деп сендірген. Алайда, арада уақыт өте не жүргізушісі куәлігін, не ақшасын қайтармай ізін суытқан. Келтірілген шығын көлемі 100 000 теңгені құраған.

Аталған жайт бойынша, тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап ақшасын иемденген азаматты қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 32 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.
Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-190 бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.
Өз кезегінде, Шымкент қаласының полицейлері барлық қызметтерді мемлекеттік органдардан заң аясында алу керектігін еске салады. Егер де, Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе заңсыз әрекеттердің куәгері болсаңыз, тез арада полицияның «102» арнасына хабарласыңыз.