Алтын құймаларға сұраныс жоғары

57

Қазақстандықтар ақпанда 82 келі алтын сатып алған. Бұл екі жарым мың құйма. Қымбат металл екінші деңгейлі банктерде сатылған.

Ұлттық банктің хабарлауынша, алтын құймалардың бес түрі бар. Ол 5, 10, 20, 50 және 100 грамм болып бөлінеді. Соның ішінде 10 грамдық құймалар жиі сатылады екен.

Барлық сауданың 27% соған тиесілі. Одан кейін 100 грамм және 20 грамдық құймалар тұр. Олар негізінен Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Алтын құймаларды екінші деңгейлі банктерден, сондай-ақ жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен сатып алуға және сатуға болады.

Шынар Оразова