Ақтаудағы экономикалық аймақта контейнерлік хаб құрылмақ

77

Ақтау теңіз портының арнайы экономикалық аймағында контейнерлік хаб құрылмақ. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.

Айтуынша, бұл транскаспий көлік бағыты бойынша жүк тасымалын жолға қоюға мүмкіндік береді. Қазір сингапурлық компаниямен келіссөздер жүріп жатыр.

Сонымен қатар, теңіз тасымалы үшін сауда флоты төрт пароммен толықтырылады. Жалпы, Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалдау көлемін осы жылдың өзінде 10 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар.

Шынар Оразова