Елдегі діни тұрақтылық басты назарда

118

Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов аймақтағы діни ахуалмен танысу мақсатында Шымкентке келді. Іс сапар аясында дін істері басқармаларының жұмыс барысымен танысты. Сонымен қатар мемлекеттік, қоғамдық жоғары оқу орындарының өкілдерімен кездесіп, еліміздегі рухани тұтастық мәселесі төңірегінде пікір алмасты.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті өңірімізде Тарих және дін тану мамандарын дайындайтын оқу орындарының бірі. Бүгін Дін істері комитетінің төрағасы Ержан Нүкежанов Шымкентке іс сапармен келіп, айтулы оқу ордасының ұжымымен кездесті.

Маманның сөзінше, әлемдегі геосаяси жағдай ел аумағындағы дін мәселесінің өзектілігін тағы бір айқындап берді. Сондықтан мемлекеттің тұтастығы, елдің ауыз біршілігін сақтап қалу үшін, бүгінгі ұрпақтың тәлім-тәрбиесіне жіті мән беру қажет .

«Тәрбие отбасында басталады. Азаматтың болмысы іргетасы жанұядағы ата анасына байланысты. Отбасындағы тәрбиеге аса көңіл бөлуіміз қажет. Жастарды жұмыспен қамту мәселелері де өзекті»,- дейді ҚР АКДМ Дін істері комитетінің төрағасы
Ержан Нүкежанов.

Түрлі діни ағымдардың жетегінде жүрген отандастарымыздың санасын ояту бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда.

Қайрат  Анарбаев, ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі: «Біздің оқу ордасы 2016 жылдан бері  40 маманды даярлады. Қазіргі таңда 80 студент дәріс алуда.  Тарихшылардан бөлек, біз  дін тану маманын әзірлейміз».

Мәртебелі мейманға оқу орнының жетістіктері паш етілді. Археологиялық қазба жұмыстары барысында табылған көне дүниелер де бар.

Шынар Оразова