Ойын алаңшасына тастап кеткен нәрестені асырап алуға ниет білдірушілер қатары көбейді

149

Шымкентте балалар алаңшасынан тастанды нәресте табылды. Сәбиді сол маңайдағы тұрғындар байқап, колл орталыққа алып барған. Ақ халаттылардың айтуынша, небәрі 2-3 күн бұрын ғана дүниеге келген бала алғашында жансақтау бөліміне түсіпті. Бейкүнә сәбидің қазіргі жағдайы қалай? Анасы табылды ма?

Cюж: Мөлдір
Тақ: ШЫМКЕНТ: ПЕРЗЕНТІН БАЛАЛАР АЛАҢШАСЫНА ТАСТАП КЕТКЕН
Инста: ТАСТАНДЫ НӘРЕСТЕНІ ҚАЛАЙ АСЫРАП АЛУҒА БОЛАДЫ?

Шымкентте жаңа босанған ана перзентін далаға тастап кеткен. Нәресте 10 наурыз күні Т. Рысқұлов пен А. Байтұрсынов көшесінің қиылысынан табылды.

Туылғанына небәрі 2-3 күн ғана болған нәрестені кешкі сағай 21-22:00 шамасында дәл осы балалар алаңшасына қалдырып кеткен. Ал сәбидің іңгәлағанын естіген осы маңайдағы тұрғындар дереу колл орталығына жеткізіпті.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Колл орталықта бізде жедел-жәрдем қабылдау диспетчерлері отырады. Балада алғашқы қарау кезінде баланың қатты жаурап қалғаны байқалып отыр. Сол үшін дереу арада жедел-жәрдем диспетчерлері алғашқы медициналық көрсетіп, баланы жылытқан. Одан кейін дереу жедел бригада шақырылып балалар ауруханасына жеткізілді».

Қалалық денсаулық сақтау басқарма басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, алғашында баланың жағдайы өте ауыр болыпты. Сондықтан, бірден жан сақтау бөліміне жатқызылған. Ал қазіргі таңда денсаулығы бірқалыпқа түсіп, палатаға ауысыпты.

Бұл ақпарат әлеу желіге тараған мезеттен бастап телеарна парақшасына келіп түскен хаттар толастар емес. Басым бөлігі бейкүнә сәбиді асырап алғысы келетінін айтқан. Әрі ол үшін қайда барып, қандай құжат тапсыру қажет екенін де сұраған. Ал Шымкенттің бас дәрігері тұрғындардың сауалына былай жауап берді.

Бақытжан Позилов, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Ол үшін біз баланы толық тексеруден өткізуіміз керек. Оған 2-3 күн қажет. Толық тексурден өткеннен кейін балада ешқандай ақау болмаса, ол баланы біз құжаттарын заңдастырып арнайы мамандандырылған балалар үйіне өткіземіз. Одан кейін әрі қарай соны асырап алушылар болса, заң талаптарына сәйкес өзінің белгілі ережелері бар. Егер соған сай келетін болса, мүмкіндігі бар әрине».

Қазіргі таңда сәбидің анасы мен туыстары іздестірілу үстінде. Әзірге олар туралы нақты ақпарат жоқ. Қалалық полиция департаменті бұл жағдай бойынша қылмыстық іс тіркелгенін жеткізді.

Мөлдір Бекеева,  Шымкент қаласы Полиция департаменті Ішкі және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы: «Аталған жайт бойынша Әл Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлерімен ҚР ҚК 119-бабының 1-бөлігімен (Қауiптi жағдайда қалдыру) қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында нәрестенің анасы мен орын алған оқиғаның куәгерлерін анықтауға бағытталған барлық қажетті іс-шаралар жүргізілуде».

Айта кетейік, нәрестенің салмағы шамамен үш келіден асады, ал бойы-50 см.

Мөлдір Ибадуллаева