Шымкенттіктер автокөлікте кәуап пісірді

143

Тұңғыш рет ұйымдастырылған жәрмеңкеде әр дәмхана өз ерекшелігімен көзге түсіп, келушілерге дәмді әрі дәстүрлі саяхат жасауға мүмкіндік сыйлады. Мәселен «Бро-шашлык» ұжымы шымкенттіктерді ерекше таң қалдырды. Автомобильде пісірілген кәуапты бөлке нанға салып ұсынған олар жаңаша идеясымен көзге түсті.

Бұл көлікте дайындалған кәуап барлық келушілердің қызығушылығын тудырды. Бірі ұялы телефонға түсірсе, енді бірі дәм тату үшін ұзын сонар кезекке тұрып жатты.

Ал айырықша дәммен 30 келі палау дайындаған бұл дәмхана «Ең үздік шымкенттік палау» номинациясы бойынша бақ сынауда.

Дәулет Мырзалиев, «Ас-саллам» дәмханасының әкімшісі: «Бүгін жасалған палаудың дәмі тіл үйіреді. Әрі оған қосылған дәмдеуіштердің де өз ерекешелігі бар».

Ал бұл торт «Ең үздік шымкенттік кондитерлік өнім» номинациясына арнайы дайындалған. Кондитерлердің айтуынша барлығы жеуге жарамды тәттіні әзірлеуге шамамен екі күн уақыт кетіпті.

Жәрмеңкеде барлық тағам қолжетімді бағада ұсынылды. Ал «Кәусар» мейрамханасы тіпті наурызға дайындалған көже, бауырсақ және палауды тегін үлестіруді жөн санапты.

Жәрмеңкеге келген тұрғындар ұсынылған тағамнан ауыз тиіп, өз бағасын берді. Әрі қазақстандықтарды наурыз мейрамынан құттықтады.

Сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары 2200 шыны «Шымкент шайынан» тегін дәм татты. Қаланың 2200 жылға жуық тарихы шеңберінде іске асқан идея – Қазақстан Рекордтар кітабына енгізу үшін, гастрорекордқа ұсынылды.

Мөлдір Ибадуллаева