«Ұмай» бағдарламасының шарттары өзгерді

134

«Ұмай» бағдарламасының шарттарына өзгеріс енгізілді. Енді отбасының ортақ табысы 640 мың теңгеден аспайтын тұрғындар да ипотекалық бағдарлама арқылы несие рәсімдей алады.

Бұрынғы шарт бойынша ортақ кіріс 320 мың теңгеден аспайтын. «Ұмай» арқылы бағасы 30 млн. теңгеге дейін баспана сатып алуға болады. Ипотекалық бағдарламаның бастапқы пайыздық мөлшерлемесі 13,5%. Кейін 5%-ға дейін төмендейді.

Несиені 25 жылға дейін алуға мүмкіндік бар. Сонымен бірге бағдарлама арқылы пәтерге жөндеу жүргізу үшін 3 млн. 700 мың теңгеге дейін қарыз алуға болады. Былтыр «Ұмай» арқылы 954 әйел баспаналы болған.

Шынар Оразова