Жетісай ауданының полицейлері қала көшелерінің бірінде жылдамдықты асырып жол ережесін бұзған бірнеше көлікті байқайды. Бірден әрекет еткен полицейлер көліктердің соңына туседі.
Нәтижесінде жол ережесін бұзған «AUDI» маркалы көлігінің жүргізушісі ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.
Полицейлер құқық бұзушыға«Көлік құралын жолдың жүру бөлігінде орналастыру, қарсы жүріп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Ал автокөлігі айыптұраққа койылды.
Иззат Миралиев