Ауыл шаруашылығы министрлігі: «Әлеуметтік нанның бағасы көтерілмейді»

100

Қазақстанда әлеуметтік нан бағасы көтерілмейді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлімдеді.

Бұған дейін Қазақстанда диірменшілер астық тапшылығына байланысты жұмысын тоқтатуға мәжбүр екені туралы ақпарат тараған болатын. АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов: «Бізде екі түрлі нан бар. Біріншісі әлеуметтік нан. Оның бағасын мемлекет реттейді және бақылайды. Бүгінде әлеуметтік нанның бағасы өңірлерде тұрақты, өзгермейді. Егер жекелеген өңірлерде диірменшілер шикізат тапшылығына тап болса, немесе бидай бағасы күрт өссе, онда бидай құнын субсидиялау бағдарламасы іске қосылады. Яғни, қазіргі таңда әлеуметтік нан бағасының көтерілуіне ешқандай алғышарт жоқ».

Ал премиальды нанның, яғни багет, круассан және тағы басқаларының бағасы шикізат құнына қарай өзгеріп тұрады.

Шынар Оразова