Баспананы жалдауға субсидия беріледі: Өтінім қабылдайтын платформа іске қосылды

42

Жалдау ақысын субсидиялау бағдарламасына Шымкент қаласынан 8 841 азамат қатысады деп күтілуде дейді Отбасы банктің қаладағы  филиалындағылар.

Жалдау төлемдері бойынша мемлекеттік қолдауға төрт санат бойынша кезекте тұрған қазақстандықтар өтініш бере алады:
1 және 2 топтағы мүгедектер;

мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар;

көпбалалы отбасылар.

Жалдау ақысын субсидиялауға үміткерлер қатарындағы отбасылардың соңғы 6 айдағы орташа жиынтық табысы отбасының әрбір мүшесіне шаққанда  ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс.

3 адамға дейін отбасыға пәтерді жалдауға 85 мың 678 теңгенің жартысы субсидияланады.

Ал  отбасы  мүшелері саны 5 адамға дейін пәтер жалдауға 128 мың 518 теңгенің жартысы және отбасы мүшелері 5 адамнан асатын жанұяға 171 357 теңгенің жартысы субсидияланады. Жалдау ақысын субсидиялауға шекті сома 171 357 теңге.

Шынар Оразова