ЕуроОдақ тамыздан бастап Ресейдің көмірін сатып алмайды

100

Еуропалық одақ тамыздан бастап Ресейдің көмірін сатып алмайды. Тау-кен өндіру және металлургия кәсіпорындары қауымдастығы бұл біздің экспорт үшін де қиын жағдай екенін айтады. Олар көмір тасымалдаушы Ресей темір жолы емес, отандық компания болуы керек,- дейді.

Қауымдастық өкілдері отандық логистикалық компаниялардың мүмкіндігі мен вагондары жеткілікті деп отыр. Ол үшін кейбір нормативтік актілерге өзгеріс енгізу керек. Мамандар қатты отынды экспорттау үшін балама бағыт тауып немесе жасыл дәліз құруды сұрап отыр.

Қазақстан былтыр шетелге 29 млн. тоннадан аса көмір сатты. Өткен жылдармен салыстырғанда экспорт 10 процентке артқан. Оның көбі Ресейге сатылды – 19 млн. тонна. Қалғаны Швейцария, Беларусь, Қырғызстан, Украина, Түркия мен Өзбекстан нарығына тасымалданды.

Шынар Оразова