Мәслихат депутаты Шымкенттегі маңызды көшелердің атын өзгертуді сұрады

57

Шымкент қаласының мәслихат депутаты мегаполистегі кейбір басты даңғылдар мен көшелердің атауын өзгертуді ұсынды. Айтуынша, бірқатар көшенің аты ұлы хандар мен тарихи тұлғалардың есімімен аталуы тиіс. Бұл идеяға халық пікірі қандай?

Мәслихат депутаты Нұрғазы Бұхарбаев қаланың маңызды және магистральды көшелерін қазақ хандары мен ұлы тұлғалардың есімдерімен атауды ұсынды.

Сондай-ақ, ол Ж.Адырбеков, Қ. Төлеметов және т.б. бірнеше көше атауын өзгерту керектігін айтты. Сөзінше, Арғынбеков көшесін Абылай хан, Домалақ ана немесе Қожа Ахмет Яссауи есімімен атау қисынды болмақ.

Нұргазы Бұхарбаев, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты: “Бүгінгі таңда қаламызда тарихи тұлғалар тізіміне енбеген алайда алдыңғы әкімдер және мәслихат шешімімен қаланың басты даңғылдарына Арғынбеков, Төлеметов, Адырбеков атауларының берілгені қала тұрғындарыны арасында көптеген сұрақтар туындатып, шешімдердің дұрыстығына түрлі күмәндар тудыруда. Жоғарыда аталған даңғылдарға Абылай хан, Домалақ ана мен Кенесары хан, т.с.с. мәртебелі тұлғаларға берілсе қала халқы қолдайды және рухани еңсесі көтеріледі деп ойлаймын”.

Үшінші мегаполис тұрғындары да бұл идеяны қолдайды. Көпшіліктің пікірінше, маңызды көшелер лайықты тұлғалар атымен аталуы тиіс.

“Мен өзім қалалардың көшелердің атын хандардың, ғалымдардың атымен атаған дұрыс деп ойлаймын”,-дейді ер адам.

«Ұлы тұлғаларды дәріптеген жақсы әрине. Дегенмен бір жағынан адамдардың үйренісуі қиынға соғады»,-дейді тұрғын.

«Әрине, қолдаймын. Олар біз үшін, Қазақстан үшін еңбектеніп тер төкті, енді біз олардың атын шығаруымыз керек. Мұны дұрыс деп ойлаймын»

“Әрине, неге болмасын. Алайда, лацықты басты кқшелердің атауын берген дұрыс”,-дейді тұрғындар.

Айта кетейік, Шымкентте 2 мыңға жуық көше бар. Ұзындығы бойынша Қазақстан қалалары арасында рекордсмен деп атауға болады. Себебі – көшелердің жалпы ұзындығы 2100 шақырымнан асады.

 

                                         Гүлдана Дәурен