12 сәуірде «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасының жарияланғандығына 5 жыл толды.
Осы атаулы датаға орай «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында арнайы іс шара ұйымдастырылды. Жиын барысында аталған бағдарламаның жүзеге асырылуына атсалысқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.
«Рухани жаңғыру» дегеніміз не?
Зейнеткер: «Білмеймін, қарағым, Жаңғыру мына жаңа заман шығар.
Оқушы: «Рухани жаңғыру» — ол рухани байлық.
Студент: «Рухани жаңғыру» -жастардың жаңаша ойлауы, жаңа технологиялар».
Зәуре Оралбаева, Шымкент қаласы «Рухани жаңғыру» Жобалық кеңсесінің меңгерушісі: «Рухани жаңғыру» дегеніміз не? Осы сұрақты көп қояды. Ол сананың ашықтығы, бәсекеге қабілетті, білімнің салтанат құруы, Білімдар қоғамды қалыптастыру, Білімдар қоғамды қалыптастыруға ұйытқы болатын бағдар беретін бағдарлама».
Бүгінде ұлттық идеологияның негізіне айналған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы мемлекет басшысының атап өткен 10 жобасының бірі. Осыдан 5 жыл бұрын жарияланған рухани жаңғыру бағдарламасының миссиясы кезеңімен қалыптасты дейді зиялы қауым өкілдері.
Момбек Әбдіәкімұлы, жазушы-шежіреші, тарихшы: «Бастапқыда екі жыл бойы киелі жер мен латын әрпі бағытында жұмыс атқарылды. Кейін туған жерге тағзым….».
Шара қатысушыларының сөзінше, түрлі саланы қамтыған бағдарламаның қай бағытын алып қарасаңыз да жарқын болашаққа деген бағдарды көресіз. Сондықтан да оны жүзеге асыру баршаға ортақ міндет.
Қайрат Сапарханұлы, ОҚМПУ «Рухани жаңғыру» орталығының жетекшісі: «Рухани жаңғыру — Ұлттық идеологиямыдың салтанат құрғаны бұл уақытша науқан емес мәңгі елдің мемлекет болуға ұмтылған Қазақстанның ұлттық идеологиясы».
Ербек Бәкиев, Шымкент қалалық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхананың өкілі: «Рухани жаңғыру арқылы ұлттық сананы жаңғырту адамның ой -өрісін дамыту аясында көзі мұлдем көрмейтін азаматарға жағдай жасап рухани, мәдени шаралар ұйыдастырылды».
Рухани жаңғыру — ізгі ниеттеріміздің төңірегінде бүкіл қоғамды топтастыра отырып, жахандық жағдайда қазақтың ұлттық құндылықтарының жойылып кетпеуіне ат салысу және оны болашақ ұрпаққа жеткізу, дейді,- шараға қатысушылар.
Шынар Оразова