Сбербанкте несиелері барлар қарызын Halyk Bank-ке төлейді

20

Halyk Bank және «Сбербанк» АҚ ЕБ келісімге қол қойды, оның шеңберінде цессия шарты бойынша бөлшек бизнес клиенттерінің кредиттік портфелінің бір бөлігі сатып алынды. Бұл туралы Қазақстанның Даму банкі хабарлады.

Мәміле Қазақстан Даму Банкінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы бойынша ресімделген автокредиттердің бір бөлігін, кепілсіз кредиттердің, кезек күттірмейтін мұқтаждықтарға арналған қарыздардың және ипотекалық кредиттердің бір бөлігі кіреді. Берілген кредиттер бойынша негізгі қарыздың жалпы көлемі 330 млрд. теңгені құрайды. Бұл ретте 01.04.2022 ж. жағдай бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ тұтынушылық қарыздарының кредиттік қоржыны 1,1 трлн теңге.

«Сбербанк» АҚ ЕБ Басқарма төрағасы Елдар Теңізбаев несиелік портфельдің бір бөлігін Halyk Bank-ке аудару туралы мәмілеге қатысты пікір білдіре отырып, қарыздарды қайта табыстау банк секторындағы қалыпты тәжірибе және әдеттегі рәсім екенін атап өтті. «Өзінің көп жылдық тарихында СберБанк бірнеше рет әр түрлі сын-қатерлермен бетпе-бет кездесті, бірақ әрқашан оларды сәтті жеңіп, өз клиенттерінің мүдделерін басты назарға алды. Біз әрқашан өз міндеттерімізді клиенттер алдында да, мемлекет алдында да орындауға тырысамыз. Бүгінгі таңда Сбербанк Қазақстан барлық мемлекеттік ақшаны, оның ішінде жеңілдікпен кредит беру бағдарламалары бойынша берілген ақшаны қайтарды. Несие портфелінің бір бөлігін беру қаржы саласында кең таралған тәжірибе. Клиенттердің басқа банкке ауысуы еш қиындықсыз шешіледі. Біздің серіктес банк үшін бұл несие портфелін ұлғайту мүмкіндігі. Біз өз кезегімізде осы мәміледен клиенттеріміздің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша өтімділікті аламыз», – деді Сбербанк Қазақстан басшысы.

Шынар Оразова