Шымкент қаласының Қаратау ауданына жаңа әкім тағайындалды

221

Қаратау ауданына жаңа әкім тағайындалды. Бүгіннен бастап ауданның тізгінін Рахымберді Мүлкеманов қолға алды.

Бұған дейін ол Шымкент қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болған. Жалпы еңбек жолын 1997 жылы Тоқмақ мұнай базасында экономист менеджері болып бастаған.

Одан әрі 2009 жылға дейін жеке секторда жауапты және басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Түркістан облысының кәсіпкерлік бөлімі мен экономика және қаржы бөлімінің жетекшісі болған.

Жалпы Рахымберді Мүлкеманов оңтүстік әкімдігіне 2016 жылы қызметке орналасып, содан бері бюджеттік жоспарлау, экономика және қаржы мәселелерімен айналысып келеді.