Шымкентте бопсалау жасады деген күдікпен жергілікті тұрғын құрықталды

106

Әлеуметтік желіде блогердің ұсталғаны туралы ақпарат тарап жатыр. Айта кетейік, бұл туралы Шымкент қалалық криминалдық полициясына шенеунік шағымданған.

Ер адам, өзін блогер ретінде таныстырған бірнеше адам одан жарты миллион теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтты.
Өз кезегінде олар әкімшілік ғимаратта мемлекеттік ту жыртылған бейнежазбаны таратпауға уәде еткен.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері, ҚР ҚК-нің 194-бабы «Бопсалау» бойынша тіркеді.
Сондай-ақ, криминалдық полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел шараларды қабылдап, іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, күдікті қылмыс үстінде қолға түсті.

Тәртіп сақшылары азаматты ұстау барысында, оның « Toyota Camry» маркалы автокөлігінен 300 000 теңге көлеміндегі ақша тәркіледі.

Қазіргі таңда, сот шешімімен күдікті қамауға алынып, ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер оқиғаға қатысты барлық мән-жайды анықтау үстінде.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі