Шымкенттіктерді қала үстінде төмен ұшқан ұшақтар шошытты

162

Шымкент тұрғындарын қаланы айналып, өте төмен ұшқан әскери ұшақтар шошытты. Қазақстанның Қорғаныс министрлігі алаңдауға негіз жоқ деп хабарлады. Су-25 ұшағының Шымкент үстінде ұшуы «Батыл Тойтарыс-2022» стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуымен байланысты.

«Оқу ұшулары ұшу дағдыларын арттыруға және экипаждарды дайындауға бағытталған. Ұшулар бөлімшелердің құрамында әртүрлі биіктікте, күндізгі және түнгі уақытта орындалады», – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салайық, «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы 16 сәуірге дейін жалғасады. Сондықтан осы күнге дейін жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындау үшін ұшақтар  ұшатын болады.