Түркістанда Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтіп жатыр

60

Түркістан қаласында Ақтөбе облысының мәдениет күндері өтіп жатыр. 14-15 сәуір күндері Түркістан тұрғындары мен қонақтары өңірдің ерекшеліктерімен танысып, ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға мүмкіндігі бар.

Сондай-ақ, бірқатар мәдени және ойын-сауық іс-шаралары өтеді. 14 сәуірде этноауыл аумағында қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі, шеберлік сабақтары, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы қорының этнографиялық коллекциясының көрмесі өтті.

Ал 15 сәуірде Farab кітапханасында әр түрлі көрмелер өтіп, ақтөбелік ақын-жазушылар оқырмандармен кездеседі. Мәдениет күндерінің соңы «Сәлем, Түркістан!» атты гала-концертпен жалғасады.

Гүлдана Дәурен