Тыл еңбеккері Мәжіт Айғұловтың өмірлік жолы жастарға үлгі-өнеге

139

1941-1945 жылдарғы сұрапыл соғыста ерлік көрсеткен ардагерлеріміздің қатары күн санап азаюда. Аптаның басында 8 майдангер болса бүгінге бір ардагеріміз дүниеден озды.

Бүгінгі кейіпкеріміз Мәжіт Айғұлов тыл еңбеккері, әкесі қанды соғыстан аман оралып 1948 жылы бақилық болады. Мәжит ағамыз мойымайды ет комбинатында футбол командасының жаттықтурышысы болған ақсақал бүгінде өскелең ұрпақты тәрбиелеуге сүбелі үлес қосуда.

Мәжіт Айғұлов 86 жасқа келгенімен тың, бес мәрте намазын оқиды, ораза ұстайды. Жұма намазына қатысып, шәкірттерімен кезектесіп мешітте ауыз ашар беріп жүр. Қолы босағанда аулаға шығып бойын түзеп, құстарға жем береді. Үйге келген мейманды да асыға күтеді. Саясат жайлы әңімеден кейін Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы баяндауға көшеді.

Мәжіт Айғұлов, тыл ардагері: «Әкем қорғасын зауытында жұмыс істейтін соғыс басталғанда барлығымызды жинап Отырар ауданы Шәуілдірдегі Темір совхозына апарып тастап, соғысқа аттанды».

36 жасында сұрапыл соғысқа аттанған әкемнен хат сирек келетін. Әкем -қатардағы жауынгер Керімбек Атамқұлов барлық майдандарда шайқасты, мен болсам 6-7 жасымда қарттармен бірге мал бағып, ет комбинатында еңбек еттік. Соғыстың аяқталғанын радиодан естідік. Сол кезде үлкендердің еңіреп жылағаны, әкемнің елге оралғаны есімде», дейді тыл еңбеккері.

Мәжіт Айғұлов, тыл еңбеккері: «Әкем менің арманым жоқ сендердің беттеріңнен сүйдім елді көрдім деді. Сосын молданы шақыр деді. Мен әкемді Ворошиловкадағы зиратқа жерледім… Әкемнің халқыңа адал қызмет ет деген өсиетін өмір бойы жанымда ұстап келемін. Ұятқа қалдырмадым деп ойлаймын. Ет комбинатында футбол командасында ойнадым, «Спартак» құрамасында да шеберлігімді көрсетуге мүмкіндік болды. Бүгінде балаларды жаттықтырамын».

Қарабастау ауылындағы спорт алаңын салуға ықпал еткен ақсақалды балалар жақсы көреді. Өйткені бос уақыттарын осында өткізеді.

Бексұлтан Сайфуддин, Қарабастау аулының тұрғыны: «Бұрын футболды құм жерде, тастарды қақпа жасап ойнайтын едік. Міне Мәжіт атамыз мына спорт алаңшасын салып берді, көп рахмет».

Саулауатты өмір салтын ұстанған атамызға жақында велосипед тарту етіпті. Енді жаттығуға жаяу бармаймын дейді. Әкеден ерте айырылып, талай қыиндықты бастан өткен кейіпкеріміздің өмірге деген құлшынысы сүйсіндіреді. Адамдарға жақсылық істеуден жалықпайды. Рамазан айының 30 күнінде шәкірттерімен жерлестеріне ауызашар беріп, өскелең ұрпақты имандылыққа тәрбиелеуде.

Шынар Оразова