“Жүргізушіні ара шаққан”: Шымкентте жолаушылар автобусы жол жиегіне соқтығысты

95

Бүгін қаламызда №72 автобус жүргізушісі, жолаушылар тасымалы кезінде, ара шағуының салдарынан жүрегі қысылып, жол жиегіндегі кедергіге соғысқан болатын.

Аталған оқиға 22 сәуір күні, сағат 10:30 шамасында, Т.Рысқұлов – Б.Момышұлы көшелерінің қиылысында ТТК (Түркістан транспорттық компания) мекемесіне қарасты 72 бағыттағы жолаушылар көлігі жол жиегіндегі кедергіге(бордюр) соқтығысқан. Жауапты сала өкілдері шұғыл оқиғаның мән-жайын анықтады. Нақтырағы, 72 бағыттағы автобус жүргізушісін сол сәтте ара шағып, аталған азамат уақытша есінен танып, рульге ие бола алмаған. Бұл оқиғадан автобус салонындағы жолаушылар зардап шеккен жоқ. Сондай-ақ, жүргізушіге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдайы бірқалыпты.