«Алтын белгі» алу талабы күшейтілді

206

«Алтын белгі» төсбелгісін алу талабы күшейтілді. Тиісті бұйрыққа Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қол қойды.

Енді келесі жылдан бастап 9-сыныпты аяқтап, арнайы аттестат және 10-11 сыныптардың барлық оқу тоқсаны бойынша «үздік» деген баға алған оқушылар «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер бола алады. Одан кейін талапкерлер Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында математика пәнінен емтихан тапсырады.

Биыл мектеп бітірушілер емтиханды өз мектебінде тапсырады. Сондай-ақ, белгіден бас тарту туралы өтініштер жарамсыз. Талаптарға сай келетін үміткерлер белгіленген тәртіпте қорытынды аттестациядан өтеді. Айта кетейік, талаптарды күшейту туралы шешім мұғалімдердің 2021 жылғы тамыз кеңесінде қабылданған болатын.

«Талапкерлер Назарбаев зияткерлік мектебінің базасында математикадан емтихан тапсыруы керек. Бұл шара академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін қабылданғанын түсіну маңызды. Бұл ретте емтихан тапсыратындарға да, жалпы білім беретін мектеп базасында тапсыратындарға да тапсырмалар бірдей болады. Былтыр мектеп бітірушілер рекордтық «Алтын белгі» алды. Кейбіреулері ҰБТ нәтижесі бойынша төмен балл алды. Осыған байланысты үміткерлерді үздік белгісіне объективті және ашық бағалау үшін емтихандардың бірі тәуелсіз білім беру ұйымында өтеді».

 Гүлдана Дәурен