Мектеп асханалары талапқа сай ма? Осыған орай, Шымкентте мектеп асханаларына зерделеу жұмыстары жүргізілді. Мониторинг тобы, асханалардың санитарлық жағдайы, тағамның сапасы, мәзір талаптарға сәйкестігі және жұмыс істейтін қызметкерлердің медициналық тексеруден өтуін назарға алды. Қала мектептерінің жай күйін алдағы бейнематериалдан көре аласыздар.
Түрлі сала мамандарынан құралған мониторинг тобы, қала мектептерінің асханаларының талапқа сай келуін бақылап шықты. Мәселен, комиссия мүшелері, Саттар Ерубаев атындағы №24 IT мектеп-лицейінде болып, балаларға берілетін ыстық тамақтың ұйымдастырылуын зерделеді. Мұнда асхана іші мұнтаздай таза деп айта алмаймыз. Шашылған ұн, кейбір көзге көрінген майда қоқыстарды көрмей өте алмадық. Ол аздай, абыржыған қызметкерлер күндік ас салатын тоңазытқышқа ыстық сусын қойып, жапсырма ілген. Алайда, ыдысты қойған уақыты сәйкес келмеді.
Алайда, ыстық тамақ бекітілген мәзір бойынша беріліп жатыр дейді. Әр балаға жасына сай мөлшері бар.
Раушан Әуезова, аспаз: «1-4 сынып аралығында 60 грамм , 5-9 дарға 80 грам, ал 10-11 сыныптарға 100 грамнан салынады».
Бірақ, министрлікпен бекітілген мәзір бір балаға ұнаса, екіншісінің көңілінен шықпайды. Ол рас. Бірақ, кәсіпкерлер де тағамнан үнемдейтіндей көрінді. Өйткені, баланың алдындағы тағам мен арнайы сөредегі тағамның мөлшері сәйкес келмеді.
Мұнан соң, топ, азық-түлік сақтайтын қоймаларды қарап шықты. Көкөністер мен жеміс-жидектер өз орнында, талапқа сай тұрғанын анықтады. Бұдан бөлек мониторинг топ, Н. Оңдасынов атындағы №38 мектеп гимназиясында болып қайтты. Мұнда санитарлық жағдай, ыстық тамақтың ұйымдастырылуынан ешқандай олқылық анықталмады. Ыдыс-аяқтары жеткілікті. Көкөніс, сүт өнімдері, ет сақтайтын орындары жинақы, талапқа сай.
«82 пайыздық майды пюреге қосамыз. Ал 60 пайыздық майды тәтілер пісіруге қолданамыз. Ал мына жерде құс еті сақталады. Барлығы сертификтталған. Балаларға балғын таза, тағамдарды дайындаймыз».
Монниторингтік топ мүшелері кейбір мектептер бойынша сын-ескертпе жасап, санитарлық жағдайды реттеуді сұрады. Сонымен қатар, құжаттарды реттеп, талапқа сай жұмыс істеуге шақырды.
Ғалия Әлімбекова, комиссия мүшесі: «Өткен аптадан бастап, ыстық тамақтардың берілуін зерделеу жүргізіп жатырмыз. Тамақтың сапасына, ннормасына санитарлық гигиеналық жағдайы, талаптарына зерделеу жүргіздік. Жалпы айтқанда қанағаттанарлық. Ескертулер болған жағдай болды. Асхана қызметкерлеріне, құжаттарына».
Айта кету керек, мұндай мектеп асханаларына қатысты зерделеу, бақылау жұмыстары алдағы уақытта жалғасын таппақ. Өйткені, баланың ас-ауқаты санитарлық талаптарға сай құнарлы әрі сапалы берілуі тиіс.
Нұргүл Жолымбетова







