Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры Шымқала тұрғындарына 5 күн бойы өз өнерлерін паш етеді

29

Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театры Шырайлы Шымкентке гастрольдік сапармен келді. Үшінші мегаполиске ат басын бұрған театр көрерменге 5 күн бойы комедия мен драмалық қойылымдарын ұсынбақ. Ұлбосын Қылышбаеваның сөзінше, қойылатын әр спектакльдің өзіндік ерекшелігі бар. Сондай-ақ, қызылордалықтар Шымқала жастарын өз репертуарымен таныстырмақ.

Театр өнері бұл нәзік өнер. Басқа өнер түрлері сияқты театр өнері де қоғамдық ой-сананың негізгі бір формасы болып табылады. Актердың шеберлігін шыңдайтын бұл өнерде әрбір актердың өз көрермені бар дейді Бекболат Құрманғожаев.