Сенаторлар: «Азық-түліктің қымбаттауы рекордтық деңгейге жетті»

48

Азық-түліктің қымбаттауы  рекордтық деңгейге жетті. Мемлекеттік органдар мұны реттеуге қауқарсыз болып отыр. Үкіметтің бағаны тұрақтандыру шаралары әлсіз.

Сенаторлар осыған байланысты Премьер-министрге сауал жолдады. Алдымен халықтың азық-түлік тұтыну көлемін анықтайтын тәсіл керек. Арнайы доктрина қабылданып, өніммен қамту тетіктері белгіленуі тиіс. Дамыған елдерде бұл ұзақ мерзімді экономикалық жоспар ретінде түзілген. Ал, субсидия – сыйақы емес. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қаржы алғанымен, нарықтың жай-күйіне, қымбатшылыққа қатысты жауапкершілікті сезінбейді.

Жиын сайын айтылатын фьючерстік және форвардтық әдіс әлі күнге жүйесіз. Агро өнімдердің негізгі түрлерін экспорттайтын әлемдегі 10 елдің қатарында болғанымызбен, өзімізде олардың құны шарықтап тұр.

Шынар Оразова