Іздеуде жүрген 25 жастағы Ресей Федерациясының азаматы Шымкенттегі пәтерлердің бірінде жасырынып жүрген жерінен қолға түсті. Көрші мемлекеттің полицейлері есірткіні заңсыз иемденген, сақтаған, тасымалдаған, дайындаған және өңдеген азаматты іздестіргеніне біршама уақыт болған. Сонымен қатар, оған 16 алаяқтық фактісі бойынша айып тағылып отыр.
Полицейлердің мәліметінше, ер адам сайтқа арзан бағамен пәтер жалдайтыны туралы хабарландыру салған. Оның өзі бұл пәтерлерді бір күнге жалға алып, кейін ұзақ уақытқа қайта жалға берген. Алдап, сенімге қиянат жасап, жалған келісімшарттар жіберіп, 100% алдын ала төлемді талап етіп, кейін ұялы телефонын өшіріп тастаған. Ол үшін оның бірнеше абоненттік нөмірлері болған, олар тінту кезінде алынды.
Сонымен қатар, аударымдар жүзеге асырылған банктік деректемелер анықталды. Қазірдің өзінде 16 алаяқтық фактісі анықталды. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 190-бабы яғни, алаяқтық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу Алмалы аудандық ІІБ тергеушілеріне тапсырылды.
Қылмыстық істі тергеудің барысы мен нәтижесі Алматы полиция департаментінде бақылауға алынды.