Электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Өйткені, министрлікке қуат өндіруші 26 ұйым шекті тарифті өзгерту бойынша өтінім берді.
Осыған байланысты шілдеден бастап бағаның өсуі болжанып отыр делінген минитрліктің құжатында. Жарық құны жыл басынан бері онсыз да 9 пайызға қымбаттаған. Ал электр қуатын тұтыну бір жарым пайызға көбейіп отыр. Енді тарифтің тағы қаншаға көтерілетіні әзірге белгісіз.
Шынар Оразова