Алматы әуежайында жаңа халықаралық терминалдың құрылысы басталады

45

Президент Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында әуежайдың жаңа халықаралық терминалының құрылысын бастауға рұқсат берді.

Мемлекет басшысы Алматы әуежайы еліміз үшін маңызды стратегиялық нысан және Қазақстанның әуе қақпасы екенін атап өтті. Жаңа терминал салынғаннан кейін әуежайда жылына 14 миллион жолаушыға дейін қызмет көрсетілетін болады, яғни екі есеге артады деген сөз. Жаңа терминал ең озық технологиямен жабдықталып, халықаралық стандарттарға сай болуы керек. Ең бастысы барлық жұмысты уақытында аяқтау қажет, – деді Президент.

Құрылысқа салынған инвестицияның жалпы көлемі 200 миллион доллардан асады. Жаңа терминал тек халықаралық бағыттағы рейстерге, ал қазіргісі ішкі рейстерге қызмет көрсетеді. Құрылыс 2024 жылы жазда аяқталады деп жоспарланған.

Шынар Оразова