Ақсу шатқалында Үндістаннан келген екі студент суға батып кетті

268

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студенттің денесін іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ОТЫРАР. Қайғылы оқиға 26 маусым күні кешкі уақытта болған. Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының шетелдік студенттері Ақсу-Жабағылы қорығына демалуға келген. Суға түскен екі жігітті ұйық тартып кеткен.

«Төлеби ауданына қарасты Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде  Ақсу шатқалында екі шетелдік жігіт суға батып кетті деген хабарлама келіп түсті. 2001 ж.т. 2 студентті іздестірілуде. 16:49-да белгісіз жағдайда олар суға құлап, батып кеткен. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің 19 қызметкері мен 1 жүзу құралы жұмылдырылды», деп хабарлайды Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Алдын ала белгілі болғанындай, мұнда 21 адам келген, олардың барлығы Үндістан азаматтары, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының 1 курсында оқитын 20 және 4 курс студенттері бар.

Суға кеткендердің денесі әлі табылған жоқ.