«Е-Өтініш»: Азаматтардың өтініштері қараусыз қалмайды

0

Қазақстанда осыдан бір жыл алды «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылған болатын. Өтініштермен жұмыс жасау процесін цифрландыруға жол ашатын жаңа ақпараттық жүйе – Өтінішті қарау мерзімі мен кезеңін және барлық қаралу сатылары жөнінде ақпараттандырып отырады. Және мемлекеттік органдарға түскен барлық өтініштердің бірегей жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдетіп, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіретін «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында қолға алынған. Мақсат: аталған жүйе арықылы өтініш берушімен кері байланыс ұстап, мемлекеттік органдардың жұмысына баға беру.

Олардың жауабына міндетті түрде жүйелі талдау жүргізіліп, бұл жұмысты жауапсыз қалдыру ісінің алдын алу арқылы, нақты салада өтініштерді қараудың бірыңғай тәжірибесін жолға қоюға мүмкіндік берді. Мысалы, Кентауда «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» жобасы аясында қалалық әкімдікке қарасты бөлімдердің жұмысы оңтайландырылыған. Мұнда озық технологиялардың көмегімен көптеген қызмет түрлері цифрландырылған.
Сержан Нарбек, Кентау қаласы әкімдігінің ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету, мониторинг бөлімінің басшысы: «Сервистік  әкімдік «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» бағдарламасы аясында  жүзеге асырылуда. Мұнда дербес бөлімдер енгізілген. ТҮКШ , жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері  Егов қызмет қосымшасына  жүктелген. Терминалдағы  батырманы басады. Сосын талон алып, тиісті бөлімдерге мәселесімен жүгіне алады».

Бөлмедегі қызметкерлер әрбір келген азаматтың өтінішіне жіті мән беріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сара Қалбаева, халықтың кеңсенің маманы: «Еговтан тұрғын үйге кезегі, емханаға тіркелу сияқты анықтама алады».

Мысалы мына тұрғынға газға қосылу үшін құжаттар қажет.

Ұлтуар Күзенбаева, Кентау қаласының тұрғыны: «Біздің көшемізге газ келді. Соған тез қосылып алмақшымын. Қазір осындағы қыздар құжаттарымды шығарып берді. Бұрын сонар кезекте тұрып анықтама алатын едік қазір бес минутта барлығы қолжетмідіә.

Ал Қанат Елеусінов жақында әскерден оралған екен. Ол халық кеңсесіне жұмысқа орналасу ниетімен келген.

Қанат Елеусінов, Кентау қаласының тұрғыны: «Жұмысқа орналасу үшін сотталмаған жөнінде анықтама керек екен бір минутта алдым, жақсы. Бұрын осыны бір апта жүретін едім сандалып».

Сала мамандары, анықтамалар алу, баспана кезегін білу немесе басқа да қызметтер туралы ақпаратты үйде отырып ақ білуге болады дейді. Бірақ үйлердің бәрінде ғаламторға қосылған компьютер болмағандықтан, кейбір тұрғындар бұрынғыша әкімдік бөлімдеріне келуде.

Ал мына тұрғын баспана кезегін Түркістаннан Кентауға ауыстыру үшін қала әкімінің қабылдауына жазылуға келіпті. Маманның айтуынша, бекітілген кестеге сәйкес қала әкімінің қабылдауы әр айдың соңғы бейсенбісіне белгіленген. Егерде шешімін күттіртпейтін мәселе болса, қала басшысы Рашид Аюповқа әлеужелі арқылы, нақтырағы иснтапарақашасына кіріп жүгінуге болады.

Тағы бір жаңашылдық Халық үніне құлақ асатын мемлекет жобасы аясында ағымдағы жылдан бастап , әкімдер халық алдында жылына бір рет емес, әр тоқсанның қорытындысы бойынша есеп береді.
Қасым-Жомарт ТоқаевҚасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет «Халық үніне құлақ асатын мемлекет – сөйлейтін азаматтар» теңгерімі жұмыс әдістерін ұдайы жақсарту, мамандардың біліктілігін және халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру арқылы қолдау табады».

«Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі ТМД елдерінде бүгінде қолданыста. Азаматтардың өтініштерін созбалаңға салмай мерзімінде қарап, ол бойынша шешім қабылдауға бүгінде барлық жағдай бар. Жаңа жүйе азаматтардың белсенділігі , сауаттылығын арттырып, мемлекеттік органдардың жауапкершілігін күшейтеді дейді мемлекет басшысы.

Шынар Оразова