«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы тиімді

203

Президент салықтық әкімшілендіруді түбегейлі оңайлату мен жеңілдету бойынша міндеттер қойған болатын.

Тапсырманы орындау мақсатында мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылы «Жеке кәсіпкерлер үшін «E-Salyq Business» қосымшасы іске қосылды. Қосымша оны қолданатын кәсіпкерлерді салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеуден босатады, себебі қосымшаның өзі кәсіпкер қосымшада қалыптастырған чектер бойынша айқындалған кірістер негізінде салықтар мен әлеуметтік төлемдерге автоматты түрде есептеу жүргізетін болады.

Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының мамандары сауда орындарын аралып, жеке кәсіпкерлерге Е-Салық Бизнес мобильдік қосымшасы жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Аталған қосымшаға ауданда 24 наурыздан бастап  мыңнан астам  кәсіпкер тіркелген.

Бақыт Болатбеков, Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы: «Жеке кәсіпкерлер «Е салық бизнес» қосымшасына тіркеліп, барлық есептерін, табысы жайлы барлық салықтық есептерді жүргізе алады. Артықшылығы басқармаға барудың қажеті жоқ, қосымшаны жүктеп, барлығын электронды түрде тапсырады».

«Е Салық Бизнес» мобильді қосымшасы келесідей мүмкіндіктерді береді:

-Жеке кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою және тіркеу есебінен шығару;

-салық режимін таңдау және өзгерту;

-жеке кәсіпкер қызметкерлері мен жеке тұлғалардың есебін жүргізу;

-қосымша чектерін қалыптастыруға, жоюға, аванстық төлемге қосымша чегін беруге, өткен кезеңдер бойынша танылған табыстарды төлеу есебіне ақша қаражатын алу кезінде чектерді беруге,бұл ретте чектерді қалыптастыру қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын жеке кәсіпкерлер үшін қолжетімді.

 

Айдын Кисметов, Әл Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы: «Е Салық бизнес» мобильді қосымшасы қолданба чектері бойынша кірістерді есепке алу, мобильді қосымша чектерінің негізінде салықтар мен әдеуметтік төлемдерді автоматтандырылған түрде есептеу, жеке кәсіпкерлер үшін салықтың және әлеуметтік төлемдердің есептелген сомасы туралы хабарламаларды қалыптастыру, автоматты түрде алдын ала қалыптастыру және мемлекеттік кірістер органдарына оңайлатылған декларацияны ұсыну мүмкіндіктерін береді».

Бұдан бөлек, «Е салық Бизнес» мобильді қосымшасы салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру, не ұзарту, қайта бастауға және кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға жол ашады. Қосымша жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және табысы туралы анықтама , жеке хабарламаларды алуға және автоматтандырылған есептеу нәтижелері бойынша есептелген салықтар мен әлеуметтік төлемдерді төлеуге мүмкіндік береді . Е Салық Бизнес мобильді қосымшасын Арр стоrе плей маркет арқылы жүктеуге болады. Толық ақпаратты

Kgd.gov.kz. сайтында немесе 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

Шынар Оразова