Министр дәретхана бизнесін қолға алудың артықшылықтарын айтты

48

Ел туризміне инвестиция салып, дамуына үлес қосқан жандарға мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетіледі. Бұл туралы ҚР мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты. Ол тұрғындармен кездесуде Шымкенттегі туризм мәселесіне де тоқталды. Сондай-ақ, министр жиналған халыққа дәретхана бизнесіне инвестиция салудың артықшылықтарын да айтып өтті.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев халықты туризмді дамытумен қатар, одан пайда табуды меңгеруге шақырды. Нақтырақ айтқанда, қалаларды байланыстырып жатқан күре жол бойына дәретхана салу ісіне инвестор болудың пайдасы жөнінде айтты. Жол бойындағы дәретханалардың қазіргі халі қанадй екені бәріне белгілі. Министр егер кәсіпкер бұл бағытта инвестиция салса, мемлекеттен міндетті түрде қолдау болады дейді.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі: «Егер де сіз Шымкент қаласында туризм саласына қатысты қонақжай салсаңыз, мемлекет тарапынан 10 пайызды біз қайтарып береміз. Сіз жаратқан 10 пайыз қайтарылады».

Бахадыр Нарымбетов, Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы: «Дәретхана, асхана салған азаматқа 80 мың теңге ғана беріп қоймай, жолдың бойында жаңа май құятын станцияларды ашқан азаматтарды егерде мықты соған сәйкес жаңағы туалеті, шай ішетін орны, жуынатын орны болса онда оларға салықты қысқртып немесе мүлде босатса..? Сонда әрі станция болатын еді деген ұсыныс бар».

Тұрғындар қонақ үй бизнесіне несие беру мәселесін де көтерді. Министр туроператорларға арнайы несиелік бағдарлама қарастырылып жатқанын атап өтті.

Дәурен Абаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі: «Туризм саласына арнайы кредит мәселесін қарастырып жатырмыз сондықтан бұл ойларыңыз дұрыс шығар, біз оны зерттеуіміз керек. Сіздерге тур операторларға арнайы кредиттік линия ашып беру ол жағы бәрі қарастырылуы керек деп ойлаймын. Өйткені қазір бізде кредитке туризмге қатысты не жасай алмаймыз. Киіз үй конструкциясын қарауымыз керек».

Министрге Ибрагим ата мен Қарашаш ана кесенелерін ретке келтіріп, жағдайын жақсартуды қолға алу туралы ұсыныс та айтылды. Дегенмен, Дәурен Абаев бұл мәселеге жергілікті атқарушы органдарың жауап беретінін атап өтті.

Дәурен Абаев,ҚР Мәдениет және спорт министрі: «Бірақ біз оны қолға алсақта жанындағы көше жанындағы алаңдардың бәрі бірде жергілікті атқарушы органдардың қызметінде. Ішін жөндей аламыз, бірақ сыртын оның бәрінде бірге жасауымыз керек, сондықтан оны қарастыруға болады. Жалпы әкімдікпен бірге зерттеу болады».

Мәдениет және спорт министрінің тұрғындармен кездесуі шамамен екі сағатқа созылды. Мегаполис халқы министрден тек сұраққа жауап қана емес, нақты шешім күтетінін айтты.

Гүлдана Дәурен