Шымкентте ЖОО қауымдастығының көшпелі жиналысы өтті

60

Шымкентте Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің қатысуымен Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындары қауымдастығының жалпы көшпелі жиналысы өтті. Басқосуда, министр айтулы саладағы жағдаймен етене танысып, жоғары оқу орындары ректорлары мен оқытушыларының ұсыныстарын тыңдады.

Бәсекеге қабілетті білікті кадрларды даярлау заман талабы. Жас мамандар озық технологияларды меңгеріп қана қоймай, ғылыми жаңашылдықтарды ашуға талпынуы керек. Ол үшін өскелең ұрпаққа барлық жағдайлар жасалуы тиіс дейді, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек. Күн тәртібіндегі тағы бір өзекті мәселе, елдің жоғары білімі мен ғылымындағы проблемалар және жоғары оқу орындарымен жұмысты жүйелендіру.

Жиынға қатысқан Шымкент университетінің ректоры Нұрлыбек Сейітқұлов, тек ақылы негізде оқытуды жүргізетін жеке колледждер мен жоғары оқу орындарына гранттар бөлу мәселесін көтерді.

Нұрлыбек Сейітқұлов, Шымкент университетінің ректоры: «Біздің елімізде гранттық жүйе бойынша оқытқысы келетін көптеген колледждер мен жоғары оқу орындары бар. Сізден, құрметті министр, жеке жоғары оқу орындарына грант бөлу мәселесін  қалай болады? Соны сұрайын деп едім».

Жиында көтерілген мәселелер, ұсыныстар ескерусіз қалмайды. Олардың әрбірі жіті зерттелетін болады және қабылданған шешімдер жайлы түсініктеме де беріледі деп уәде берді министр.