«R.O.I Кооперативі»: Баспаналы болғыңыз келе ме?

59

Соңғы жылдары кооперативтің қызметіне жүгініп, үй алушылар саны елімізде көбейіп келеді. Мысалы, Шымкент қаласы мен Түркістан  бойынша ROI кооперативі арқылы 100-ші салымшы пәтер алды. 2019 жылы құрылған ұйымның 2000-ға жуық үлескері, 3 жылда жалпы құны 13 млрд теңгеге үй және көлік алған. Қазіргі таңда кооперативте 17 мыңға жуық үлескер бар.

ROI тұтынушылар кооперативінің үш жылдығына орай Шымкент қаласында 100-ші отбасына пәтер кілті табысталды. Бүгінге дейін берілген 100 салымшының 3-еуі пәтер құнын төлеп бітірген. 2019 жылы құрылған кооператив орташа есеппен ай сайын 3 отбасын баспана немесе үймен қамтып отыр. Үшжылдыққа орай кооператив әлеуметтік әлсіз қамтылған екі отбасына жеңілдетілген шартпен баспана кілтін табыстады. Жақында жолдасы қайтыс болған көп балалы ана Роза Әлжанова тиімді шартпен кооператив арқылы үйлі болып отыр.

Роза, Әлжанова, R.O.I кооперативінің үлескері: «Мен 2020 жылдың ақпанынан  бері үлескермін. Жақында  жолдасым қайтыс болды. Былтыр, 2021 жылы шілдеде  баспаналы болдық.  ROI кооперативінің  басшысы Арген Нұржановқа үлкен рахмет. Алла разы болсын».

Кооперативке тек әлеуметтік әлсіз топ өкілдері ғана емес, сонымен қатар кәсіпкерлер де қаражат салып үй немесе көлік алады. Мысалы, Мөлдір Омарова кооператив арқылы автокөлік алып, бизнес жасап, сол көлігі арқылы екінші баспанасына қажетті қаржының 30 % жинаған.
Арген Нұржанов, R.O.I кооперативінің төрағасы: «Корпаратив ол деген лицензия берілмейді. Бүгінге дейін әлі берілген жоқ. Қаржы пирамидасы емес себебі, айтайын қаржы пирамидаларында ақшаны қайтарып бермейді. Онда адамдар алады, кетеді. Ал біздің кооперативте қанша пәтер алынды соның бәрі залогта тұрады. Және солар залогта тұрған ақшаны қайтарып береді. Сол ақша мысала деген бүгінгіде үй пәтер берілсе соның 3-еуі толықтай ақшасын қайтарып берді».

Кооперотив қаражаты өзге компанияларға немесе бизнеске инвестицияланбайды, тек келесі үлескерге үй алу үшін жұмсалады. Кооператив пайда табуды көздемейді. Және кооператив бір адамның басқаратын ұйымы емес. Ондағы шешімдер көпшіліктің қатысуымен қабылданады.,-дейді төраға.

(БИН 181240004562 выдан 8.12.2021 г. ДЮ ЗКО)