Шымкентте бойжеткен теміржолға секірмек болған

95

Үшінші мегаполисте жас қыз көпірден теміржолға секіру арқылы өз өміріне нүкте қоймақ болған, деп хабарлайды ОТЫРАР.

6 маусымда түн ортасы кезінде Шымкент қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының басқару пультіне Қапал батыр көшесіндегі көпірде бойжеткеннің өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Полиция дереу оқиға орнына жеткен. Полицейлер көпірден пойыздың астындағы темір жолға көпірден секіруге дайын тұрған қызды көрді. Тәртіп сақшылары онымен бірден әңгімеге араласып, мұндай әрекетке бармауды өтінген. Әңгімеге алаңдаған полицейлердің бірі жақындап, оны артынан ұстап алып, суицидтің алдын алды.

Құтқарылған қыз мән-жайды анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді.