ТЖМ басшысы ауруханааралық дәріхананы қасақана өртеу мүмкіндігін жоққа шығармайды

133

Бүгін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Шымкенттегі перзентхана маңындағы жарылысқа қатысты пікір білдірді. Үкімет отырысынан кейін Төтенше жағдайлар министрі қайғылы оқиғаның бірнеше ықтимал себептерін атады.

«Ол жерде дәрі-дәрмек өндіру үшін көп мөлшерде химиялық заттар сақталған. Кез келген жағдайда, сутегі асқын тотығы жарылысқа себеп болуы мүмкін. Тергеу шаралары барысында күзет компаниясы аумақ маңында бөтен қозғалысты байқаған, нысанда хабарлағыш іске қосылған. Басқа нұсқа да қарастырылып жатыр», — деп түсіндірді Юрий Ильин.

Еске салайық, 21 мамырда Шымкенттегі перзентхана маңында ауруханааралық дәріханада жарылыс болған еді. Салдарынан үш адам – екі жұмысшы мен жаңа туған нәресте қайтыс болды. Жүздеген науқас пен медицина қызметкерлері шұғыл түрде басқа перзентханаларға эвакуацияланды.

Полиция жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.