Мал шаруашылығы саласындағы қазақстандық 19 компания өз өнімдерін Өзбекстанға экспорттайтын болды. Ауыл шаруашылығы министрі Ташкентке сапары кезінде бірқатар келісімге қол қойды.
Өзбекстан астанасында Түркі мемлекеттері және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің кеңесі өтті. Министр Ербол Қарашөкеев әріптестерімен екіжақты келіссөз өткізіп, халықаралық азық-түлік қауіпсіздігі және гуманитарлық дағдарыс мәселелері бойынша пікір алысты.
«Қазақстан түркі елдеріне ауыл шаруашылығы өнімдері экспортын ұлғайтуға мүдделі. Қазір бірқатар компания жаңа нарықтарды игеруді жалғастырып жатыр», – деді министр. Бұған дейін Өзбекстанға мал шаруашылығы өнімін экспорттайтын қазақстандық 37 кәсіпорын бар болса, қазір олардың саны 56-ға жетті.
Шынар Оразова