Пайдасы мол кәсіп: Шылаушын өсіруге қызығушылар көп

283

Шымкент тұрғыны калифорниялық қызыл құрт өсіріп, жылына 2 миллионға жуық табыс тауып отыр. Қазіргі таңда оның ауласында айтулы жәндіктің шамамен 3 миллион данасы бар. Кәсіп иесінің айтуынша, қызыл құрттың өзіне де, одан алған тыңайтқышқа да сұраныс көп. 1 данасын 10 теңгеден сатып отырған азамат иісі де, дыбысы да жоқ бұл жәндікті өсірудің пайдасымен бөлісті.

Ілияс Икрамов 2017 жылдан бері калифорниялық қызыл құрт өсіруді кәсіп еткен. 4 жылға жуық осы іспен айналысатын азамат алғашында шылаушыннан өндірілген тыңайтқыштарды сатып бастаған екен. Кейіннен шылаушынға да сұраныс пайда болғаннан соң әлеуметтік желіге сатуға шығарыпты. Ілияс қазіргі таңда күніне кем дегенде 5 адам сатып алуға келеді дейді.

Ілияс Икрамов, Шымкент қаласының тұрғыны: «Өте белсенді болып келеді. Көбеюі де тез. 21 күнде бірге бір қосылады. Сонымен қатар аталық-аналық болып бөлінбейді. Екеу болса екеуі де көбеюге бейім деген сөз. Сіз мысалы 10 мың құрт алатын болса, 21 күннің ішінде 20 мың құртқа дейін жетеді».

1 аптаға дейін аш жүре алатын бұл жәндік түрін суғармаса тіпті бір күн де өмір сүре алмайды дейді кәсіпкер. Сол себепті жазда аптасына екі рет ал қыста он күнде бір рет молынан суғарады екен. Ал ол үшін жай краннан ағып тұрған суды пайдалануға болмайды дейді ол. Себебі оның құрамында көп мөлшерде хлор болады. Сол себепті суды алдымен біраз уақыт тұндырып алады.

«Суды көбірек құйған сайын астыңғы бөлігі нығыздалып қалмас үшін біз араластырып тұрамыз. Араластырмай, нығыздалып қалатын болса құрттар ары-бері еркін жүре алмай қалады. Сол себепті бір араластырып қопсытып қоятын болсаңыз сонда өздерінің еркін қимылдауына және де органикалық қалдықтарды тауып жеуіне, құрттарға өзінің пайдасын тигізеді. Сол себепті біз арластырып тұрамыз.

-Қаншалықты жиі арластырасыз?-
– Оны жиі арластыру жаңа айтып өттім ғой, жаңа аптасына бір екі рет қана су құятын болсақ, сол құярдцың алдында араластырып ұстауға болады. Аптасына екі рет қана араластыруға болады.

Мамандығы бойынша эколог-биолог Ілияс Икрамов бүгінде 3 миллионға жуық шылаушын өсіріп отыр. Сөзінше, жәндіктің бұл түрін өсірудің еш зияны жоқ, тіпті аса қатты күтімді қажет те етпейді. Сонымен қатар иісі мен дыбысы да жоқ. Ең бастысы шылаушын күнделікті асқа пайдаланатын органикалық өнімдердің қалдықтарын жеп, биогумус деп аталатын тыңайтқыш жасап береді.

Бұл құрттарға кеше тасталған тамақтар деп айтуға болады. Бұл жерде көріп отырсыздар мына жерде кәдімгі қураған шөптер сабандар жатыр. Сонымен қатар талдан түскен жапырақтар осы өзіміздегі және де төрт түлік малдың қилары мынау осы үшеуі бірігуі арқылы осы құрттарға яғни құрттардың жейтін тағамдары болып есептеледі. Бұл құрттар осыны жегеннен кейін 1-2 ай осының арасында өмір сүргеннен кейін дәл мынандай қоңыр түсті биогонус деп аталатын тыңайтқышқа айналдырады.

Қарапайым жауынқұрттары тек 4 жылға дейін өмір сүретін болса, қызыл шылаушындар 16 жылға дейін жасайды. Бұл оның көптеп көбеюіне әсер етеді әрине. Қазір кәсіпкер 1 шылаушынды 10 теңгеден сатады. Ол республиканың өзге өңірлерінен де сұраныс бар екенін, тапсырыс келіп жатқанын айтады.

Гүлдана Дәурен