ҚҰБ төлем карточкаларының жаңа жүйесін іске қосты

99

Қазақстан Ұлттық Банкі Төлем карточкаларының банкаралық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға қосқанын хабарлайды. Бұл жүйе Қазақстан аумағында төлем карточкалары арқылы жасалатын банкаралық транзакцияларды өңдеуге арналған.

Жүйені құру және оны іске қосу – төлем карточкалары нарығының қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін, қазақстандық банктер үшін ішкі есеп айырысулардың кепілдігін қамтамасыз етеді.

Жүйені әзірлеу Visa, Mastercard және UnionPay халықаралық төлем жүйелерімен және төлем карточкаларының нарығына қатысушы банктермен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылды.

Шынар Оразова