Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталады

194

Биылғы Қасиетті Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында өтеді. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласынің бас мешіті брифинг өткізді. Жиында мерекенің атап өтілу барысы мен құрбандық шалу рәсімі жайында сөз болды.

2022 жылы иісі мұсылман халқы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесі 9 мен 11 шілде аралығында өтеді. Айт намазы 9 шілде күні таңғы 6:40-та оқылады. Ал Арафа 8 күніне тура келді. Соған орай, Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов Бас мүфтидің құттықтауын жеткізді.

Бақдәулет Әбдірахманов, Шымкент қаласының бас имамы: «Айт мерекесі құтты болсын, мүбарак болсын. Айт сөзі мұсылманнан аударғанда мереке дегенді білдіреді. Арафа күні қажылыққа бармағандар ауыз бекітіп, иіс шығарып, айтқа дайындалады. Себебі Құрбан айт мейірімділік мерекесі. Бұл күндері жақын туыстарын аралап, тілектер айтады. Құрбандыққа шалынған мал етінен дәм ауыз тиеді».

Биыл құрбандық шалу онлайн және офлайн форматта қатар өткізіледі. Сәйкесінше qurban-2022.kz сайты биыл да іске қосылды. Ниет білдірген кез келген жан аталған парақшаға кіріп құрбандық малын таңдай алады. Сонымен қатар құрбандықты өздері шалғысы келетіндер үшін қасапханалар да дайындалған. Соның бірі Бозарық ауылындағы мал соятын орын.

Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қаласы бас имамының орынбасары: «Жаңа айтып кеткенімдей құрбан 2022 кz арнайы сайты ашылған. Біздің қаламызда тұратын, көп қабатты үйде тұратын кісілер құрбан шалу мүмкіндігі аз. Сондықтан біздер Шымкент қаласының әкімдігі рұқсат берген Бозарық елдімекенінде орналасқан қалалық қасапхана арнайы бөлімін ашып отырмыз. Барлық санитарлық талапқа сәйкес. Сол жерге келген малдардын өзі сараптаудан өткен. Шариғат талаптарына да, санитарлық талапқа да сәйкес».

2021 жылы qurban-2021.kz сайты арқылы 349 ұсақ мал, 29 ірі қара құрбандыққа шалынып, 4000 отбасыға ет үлестірілген. Биылғы жылы да онлайн құрбандық шалатындар, малдың бағасы мен ет алғысы келетін әлеуметтік осал топтағы отбасыларды тіркеу жұмыстары әлі де жүріп жатыр.

Бақдәулет Әбдірахманов, Шымкент қаласының бас имамы: «Сиыр екі жастан асқан болуы керек. Түйе бес жастан асқан болуы керек . Сиыр мен түйені жеті адамға дейін бірігіп құрбандық шалына береді. Құрбандық шалғанда басты назарға алатыны малдың еті мен жүні Аллаға бармайды. Біздің амалымыз барады. Сондықтан бірінші ниетті түзеуіміз керек».

Биыл атаулы мерекеде «Балалар жылын» ескеріп, бүлдіршіндерге Құрбан айт тәттісін үлестіру жоспарланған. Ол үшін жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен, балалардың есінде ерекше қалатын мереке ұйымдастырмақ.

Әсел Мәлік