Құрбандыққа төрт түлікті Бозарықтағы мал сою бекетінде шалуға болады

108

9 шілде Құрбан айты басталады. Үш күнге созылатын ұлық мейрамда мүмкіндігі бар мұсылман құрбан шалады. Ол үшін мал соятын орындар, төрт түлік, қасапшылар да дайын. Былтыр онлайн құрбандық шалған жерлестіріміз биыл дәстүрге сәйкес шынайы ниеті мен сүйіспеншілігін құрбандық шалу арқылы біліреді.

Құрбандыққа мал соямын деген азаматтар тапсырысты Бозарық елдімекеніндегі мал сою бекетіне жасай алады. Мұнда 8 жеке кәсіпкердің төрт түлігі жайғасқан. «Үміт» шаруа қожалығының мына уақ қойларының бағасы 50 мыңнан жоғары. Өңіріміздегі Шардара, Бәйдібек, Қазығұрт аудандарынан жеткізілген мал барлық тексеруден өткен дейді осындағы бекеттің басшысы.
Әлімхан Юнусалиев, қасапшы:  «Ешкі 40-50 мың төңірегінде, ірі қара мал 300-600 теңге аралығында барлығы санитарлық талаптарға сай, анықтамалары бар. Бізде барлық талаптарға сай сойылатын пункт бар, қасапхана бар соған келіп сойғызыңыздар. Қойларымыз бар ешкі бар, ірі қара мал бар барлық талаптарға сай».

Ал мына қошқарлардың құны 80 мың теңгеден жоғары. Төрт түліктің басым бөлігі Бәйдібек ауданынан жеткізілген. Құрбан айтқа қазірдің өзінде құрбандыққа мал шалуға тапсырыстар түсуде. Былтыр онлайн режимінде өткен Құрбан айтта 700 уақ мал таратылып, әрбір жеке кәсіпкер төрт түлікті құрбандыққа шалуға 20-22 малға тапсырыс алды . Имамдар өз тарапынан құрбан шалу тәрбін жамағатқа түсіндіруде.

Бақдәулет Абдрахманов, Шымкент қаласының бас имамы: «Құрбан шалуға жарамды малдар қой, ешкі 1 жастан, ірі қара мал 2 жастан, түйе 5 жастан  асқан болуы шарт. Жылқы  сойылмайды.  Құрбандық етін үлестіру 1/3 өзіне, отбасына, 1/3 туған -туыс, көршілеріне. 1/3  мұқтаждарға».

Қазірдің өзінде мешітке келіп құрбандыққа шалған малды тарату бойынша кәсіпкерлер, тұрғындар кеңес сұрауда. Қолдауды қажет ететін отбасылар Құрбан .2022.кз сайтына өтініш беруіне болады дейді имамдар.

Мұхамеджан Естеміров, Шымкент қаласы бас имамының орынбасары: «Құрбан айтта қайтыс болған азаматтардың , науқастанған туыстары көршілеріңіздің үйіне барып, қолдау көрсетіп,  ыстық ықыластарыңызды білдірген жөн».

9 шілдеде таңғы 6 : 40 та оқылған Құрбан айт намазынан кейін құрбандыққа мал союға рұқсат. Шымшықты сойса да қасапшы сойсын деген халқымыздың дана сөзі бар, сондықтан құрбандыққа төрт түлікті бекітілген жерде, барлық талаптарды сақтап сойған дұрыс деп кеңес береді діни саласының қызметкерлері.