Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан арасын жалғайтын теміржол салынуы мүмкін

0

Қытай–Қырғызстан–Өзбекстан арасын жалғайтын теміржол салынуы мүмкін. Құрылысының болжамды бағыты жақында Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинетінің жиналысында талқыланды. Аталған елдің көлік және коммуникация министрі Еркінбек Осоев «Торугарт – Макмал – Жалал-Абад» бағыты бойынша темір жол магистралін салу мәселелері бойынша ақпарат ұсынды.

Жобаның тиісті техникалық-экономикалық негіздемесі биыл желтоқсанда дайын болады. Ол үшін бейінді мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде қажетті дайындық жұмыстарын жүргізуі қажет.

Шынар Оразова