Шымкенттік тұрғынның үйінен 6 келі марихуана табылды

22

Шымкенттік тұрғын үйінде 6 келі марихуана сақтаған. «Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі сақтағаны үшін 1965 жылғы азамат қамауға алынды.

57 жасар тұрғын есірткі затын 90 дана полиэтилен пакетіне бөлшектеп салып, құрылыс шелектеріне жасырғаны анықталып, тәркіленіп алынды. Тәркіленген есірткі заты «кептірілген марихуана» екендігі белгілі болды.

Сондай-ақ, күдіктінің үйін қосымша тексеру барысында 2 түп қарасора өсімдігі табылды. Қазір аталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әсел Мәлік