Жемқорлыққа қатысты 1 мыңнан астам қылмыс тіркелген

44

Мемлекетке 430 млрд. теңге қайтарылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектенов мәлімдеді.

Жыл басынан бері жемқорлыққа қатысты 1 300-ден астам қылмыс тіркелген. Әртүрлі деңгейдегі 140-тан астам лауазымды тұлға заңды белден басқан. Агенттіктің өзінде 2 қызметкер жемқорлық үшін сотталып, 5 адам жұмыстан босатылды.

Ведомствоның алқа отырысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қызметін бағалау мәселесі де айтылды. Агенттік төрағасының сөзінше бағалаудағы қателіктер жүйенің бұрмалануына әкеп соқтырады, қызметкерлердің алдында тұрған міндеттерді теріс қабылдауына әкелуі мүмкін дейді.

Шынар Оразова