8 тамыздан бастап бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға өтінім қабылданады. Мемлекеттік грант – жаңа бизнесті іске қосу және дамыту үшін өтеусіз берілген бастапқы капитал. Грант көлемі 400 АЕК, яғни 1 225 200 теңге. Бұл қаржыны кімдер алуына болады? Қандай шарттары бар?
Мемлекеттен берілетін қайтарымсыз 1 225 000 теңге грантты жеңу үшін ең алдымен оқу курсынан өтіп, сертификат алу қажет. Ал оқу курсы Skills.enbek.kz платформасында онлайн форматта өтеді. Мамандардың айтуынша, 12 модульден тұратын сабақ енді кәсібін бастаған азаматтарға жақсы көмектеседі.
Балмаржан Нарбекова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы:»Біздің еңбек кз порталымызда бизнесеңбек платформасы бар, оның ішіндеге скилс платформасына өзінің эцк ключі арқылы әрбір азамат оқуға өтінім береді. Барлығын оқып болғаннан кейін жиынтық тест тапсырады. 70 пайызын өткен азаматқа сертификат беріледі. 14 күн ішінде оқып бітуі тиіс. Өте алмай қалса, 3 рет мүмкіндік беріледі».
Азаматтардың бұған дейін алған сертификаты 3 жылға жарамды. Яғни, 2019,2020,2021 жылы курс оқып қойғандар биыл да жобаға қатысуына болады. Ал жалпы қайтарымсыз грантқа белгілі бір санаттағы азаматтар өнім бере алады.
Үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:
— еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;
— қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
— өңіраралық қоныс аударушылар
— атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;
— мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);
-асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;
-жастар (29 жасқа дейін).
Егер азаматтардың қайтарымсыз 400 АЕК қаржыны мақсатсыз жұмсағаны анықталса, ол мемлекет қазынасына қайтарылады. Мәселен, өткен жылы мегаполисте 23 азамат ақшаны басқа мақсатта пайдаланғаны анықталып, жауапкершілікке тартылған. Өйткені, «бастау бизнес» жобасы кәсіпкерлерді қолдау үшін жүзеге асып жатыр дейді жауаптылар.
Балмаржан Нарбекова, Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуемттік қорғау басқармасының басшысы: «Ақшаны алып алып қарыз жабуға, кредит жабуға, той істеуге, құдалық өткізуге мүлдем болмайды. Бұл кәсіпті ашып болғаннан кейін судың да сұрауы бар деген сөз бар, 1 225 000 тг бұл қомақты сомма. Бір кәсіпті домалатып, өзіңмен бірге бірнеше азаматтарды жұмыспен қамтуы тиіс. Әр квартал сайын есеп беріп отырады. Сондықтан бұл санаттағы азамттар жауапкершілікпен қарауын сұраймыз».
Айта кетейік, биыл аталған жоба бойынша 1 150 грант беру жоспарланып отыр. Ал өтінім қабылдау 8 тамыздан басталады. Сондай-ақ мамандар жобаға қатысу шарты түсініксіз болса, әр аудандағы орталық бөлімшелері қызмет көрсетуге әзір екенін айтады.
Мекен-жайы: Абай ауданы бойынша: Арғынбеков көшесі, 243-3, Әл-Фараби ауданы бойынша: А.Байтұрсынов көшесі, 201, Еңбекші ауданы бойынша : Әл-Фараби алаңы 2/3, Қаратау ауданы бойынша: Нұрсат м/а, С.Бәйтереков көшесі,
Мөлдір Ибадуллаева